6 ақпан 2023
33
Халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

Өткен аптаның 10-15 қаңтар күндері аралығында Шымкент қаласында футболдан 2009-2010 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы "Juniors Cup" халықаралық турнирі өтті. Дүбірлі додаға әр облыстардан келген 16 команда өзара бақтарын байқады. Нәтижесінде Қазалы спорт мектебінің №17 ОРМБЖМ командасы жеңіс тұғырынан көрінді. Сонымен қатар Қазалы спорт мектебінің футбол бөлімшесінің спортшысы Сырлыбай Жарбол халықаралық турнирдің "Үздік қорғаушысы" бағамымен марапатталды. Осындай жетістікке жеткен Қазалы спорт мектебінің футбол бөлімшесінің спортшылары мен жаттықтырушысы Самат Жұбаниязовты жеңістерімен құттықтай отырып, алдағы болатын жарыстарда сәттілік тілейміз.


Санат
Спорт

Орналасқан жері
Алматы

Бөлісу

Автор
Farrell Shanahan
06.02.2023
Пікірлер