6 ақпан 2023
38
Өткен жыл спортшылар үшін жүлделі болды

Қазалылық спортшылар өткен жылды оң нәтижемен қорытындылады. Нақтыласақ, аудан спортшылары облыстық, республикалық және халықаралық жарыстан 123 медальді қанжығаға байлады. Азия, Әлем және ҚР чемпионаттарынан 13 алтын, 14 күміс және 24 қола жүлдені аудан қоржынына салды. 2022 жылы ауданда салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 202 спорттық-бұқаралық шара өтіп, оған 8 мыңға жуық адам қатысты. Ауданда ауыл спортшыларының «Алтын күз-2022» XXXV облыстық спартакиадасы өз деңгейінде өтті. Спартакиадада 15 спорт түрі бойынша Қазалы ауданының көш бастауы аудан жетістігін еселей түсті. Оған қоса Әуесқойлар футбол лигасының Қазақстан чемпионатында қазалылық команда күміс кубок иеленді. Өткен жылы 6 спорт алаңы мен 2 спорт кешені салынды. Көкпар, аударыспақ, қазақша күрес, тоғызқұмалақ, асық ату, бес тас тағы басқа да ұлттық спорт түрлерінен 30-дан астам іс-шара ұйымдастырылды. Айта кетейік, ауданда спортпен шұғылданатын азаматтардың белсенділігі жыл сайын артып келеді. 2022 жылы спортпен шұғылданушылардың көрсеткіші 38 пайызға жетті.


Санат
Спорт

Орналасқан жері
Алматы

Бөлісу

Автор
Hintz Bailey
06.02.2023
Пікірлер