Салт-дәстүр

Жерошақ деген не?

Жерошақ — от жағып, үстіне қазан асуға, нан пісіруге арналған шұңқыр. Жерошақты көбінесе, далада, үйдің есігінің алдына жасайды. Қазақ халқының дәстүрлі тұрмысында 3 түрлі ошақ болған: тас ошақ, жерошақ, темірошақ

Тас ошақты көші-қонда, ұзақ жол үстінде пайдаланған. Ол үшін ірілеу үш тасты жақындастырып қойып, үстіне қазан асады.

Темір ошақ көбінесе, жауын-шашын кездерінде киіз үйдің ішіне от жағып, тамақ әзірлеуге қолданылған. Шеңбер темірге арнайы соғылған үш сирақ бекітіледі. Биіктігі жарты кез шамасында болады.

Жерошақ тақыр жерден қазылады, қазандық, түтіндік шығарып, алдын кеулеп ояды. Қазылған шұңқырдың ұзындығы 60 — 70 см, тереңдігі 30 — 40 см, кеңдігі қазанның аумағына байланысты болады. Қазан тұратын ортасы дөңгелектеу, алдыңғы от жағатын жері тарлау, түтін шығатын жағы көлбеу келеді. Жерошақтың үй ішіне орнатқан түрін “морошақ” деп те атайды. Көшкен кезде адам, аң не малдың аяғы ошақтың орнына түсіп кетпесін деп, Жерошақты көміп, тегістеп кетіп отырған.

 

Ақпарат көзі: (Қазақ энциклопедиясы,3 том)

Толығырақ:Салт-дәстүр

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Сізге ұнауы мүмкін