Бизнес

Жас кәсіпкер жобасының жеңімпазы – Айзада Қасымхан

Сəлеметсіздер ме?

Менің есімім – Айзада. Мен əл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің студентімін. Атамекен Ұлттық палатасының Жас кəсіпкер жобасының жеңімпазы атанып, 2019 жылы Алматы қаласы əлеуметтік кондитерлік дүкенімді аштым.

Өзім көп балалы отбасыдан шыққандықтан дүкенімді де осындай отбасыларды, жəне тұрмысы төмен жандарды қолдауға бағыттадым.

Қазіргі таңда дүкендердегі табиғи өнімдерден дайындалған торттардың бағасы кейбір отбасылар үшін қолжетімсіз болып табылады. Ал менің дүкенім осы мəселені шешуге тікелей өз септігін тигізуде.

Себебі біз көп балалы, мүгедек баласы бар жəне əлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларының туған күнінде тегін торт сыйлаймыз. Өз қалаулары бойынша менің  тегін шеберлік сыныбыма қатысып, үйден тортқа тапсырыс қабылдап отырған көп балалы аналар да бар.  Осы уақытқа дейін біз 100-ге жуық отбасыға жəне мүгедектер қауымдастығына сонымен қатар балалар үйіне тегін тəттілерімізді ұсындық.

Сұраныс өте көп болғандықтан бəрін бірден қамту мүмкін емес.

Осы жобаның жеңімпазы атансам қаланың орталығынан өзімнің екінші дүкенімді ашып, барлық көмекке мұқтаж жандарды қамтыйтын боламын.

 

Ақпарат көзі: Alemtime

Толығырақ:Бизнес

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Сізге ұнауы мүмкін