Тарих

Тылсым дүниеге толы Үкаша ата кесенесі

Үкаша ата кесенесі Түркістан қаласынан 42 шақырым жерде орналасқан. Ұзындығы 16 м, ені 5 м, биіктігі 3,5-4 м. Үкаша ата дегенде ең әуелі елдің есіне тау басындағы құдық еске түседі. Кесененің батыс жағында 200 метр жерде Үкаша ата құдығы бар. Тереңдігі 22-25 метрге жететін құдық су шөлді қандырып, адамның тәнін, ал әулиелік қасиеті адамзаттың рухын тазартады деседі. Құдықтан су біреуге шығады, енді біреудің шелегі бос, майысқан күйде қайтады. Егер су шықса, ол адамның зияраты, тілегі қабыл болды деп есептеледі. Құдық басында киіз үй тəріздес кішігірім құрылыс тұрғызылған

Аңыз бойынша, Үкаша ата сахаба Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбардың сенімді серігі әрі күзетшісі болыпты. Әрі ел арасында тараған аңыз-əфсаналарда шапса қылыш өтпейтін, атса оқ өтпейтін, қасиет дарыған, алып денелі əскери қолбасшысы болған. Мысықтілеу, іштар дұшпандары мұны көре алмай, таң намазын оқып отырғанда басын шауып түсіреді. Бір қызығы, домалап түскен бас ешкімге ұстатпай, құдыққа түсіп кетіпті. Міне, содан бері қасиетті саналатын құдық суы жерасты арқылы Меккедегі Зәмзәм бұлағымен байланысады деген түсінік бар.

Ал басын қылыш кескен кезде 23 метрдей жерге қаны шашыраған. Әулиенің қасиетті қаны аяқ асты болмасын деген ниетпен сол жердің бәрі қабірге айналған. Бүгінге бұл бүкіл түркі жұрты мінәжат қылып, тәуәп жасайтын зиярат орны. Сәулет өнерінің ескерткіші «Əзірет Сұлтан» қорық-мұражайының құрамына діни-рухани ескерткіш ретінде тізімге алынған. Қазақстанның 100 киелі нысанына енген. Қазір мұнда «Үкаша ата тарихы» мұражайы да бар. Мұнда 70-тен астам археологиялық, этнографиялық, құнды заттар, фотолар және Үкаша атаға қатысты деректі жазба жәдігерлер қойылған.

 

 

Ақпарат көзі: Ғаламатордан алынды

Толығырақ:Тарих

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Сізге ұнауы мүмкін