Білім және ғылым

«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы жетекші университетте қалай іске асуда!?

Бір ғасырлық тарихы бар, биыл 85-жылдық мерейтойын атап өткен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қазіргі таңда әлемге танымал ЖОО-ларлың қатарында десек өтірік емес. Қаншама ұлы тұлғалар осы қазақтың қара шаңырағынан шыққан. Бұл жерде оқығандар да арманда, оқымағандар да арманда. Неге десеңіздер, саналы ұрпақты тәрбиелеу жолында білімді шыңдау басты қағидалардың бірі болып табылады. Ал білімнің даму қарқы заманға қарай жылдап емес, күннен күнге жаңа қарқын алуда. Осы орайда еліміздің жетекші университеттерінің бірі – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заманға сай білім жобаларын іске асырып, тек мемлекеттік деңгейде ғана емес, халықаралық және дүниежүзілік дәрежеде білім сапасын арттырып отыр.

Атап өтер болсақ, еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың өзі осы университеттің дамуына аса мән берген. Елбасының саясатын қолдаған мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевта ҚазҰУ-ді жоғары білім берудің флагманы деп есептейтінін дәлелдеп, оңтүстік астанаға сапары барысы кезінде университеттің тыныс-тіршілігімен танысып, заманауи инновациялық технологияның білім саласында қалай қолданылып жатқанын көрген еді. «Цифрлы Қазақстан» бағадарламасын іске асыру мақсатында жоғарғы оқы орындарының студенттері көптеген жаңалықтар ойлап тауып, қарапайым халықтың өмірін оңтайлатуды көздеуде.

Университет бүгінгі таңда әлемдік деңгейлік зерттеу университеттерінің қатарына қосылуда. Осы тұста кешенді жаңартулар енгізіліп, кластерлік әдіс аясында факульттер ұйымдастырылып, кафедралар қосылды. Бұл өзгерістер барысында тек стунденттер ғана емес, қызметкерлердің де жұмыстары рейтингпен бағаланып, барлығы ашық түрде болады. Олардың жұмыс нәтижелерін бағалау үшін үдерістік басқару жүйе енгізілген. Бұл жүйе ҚазҰУ-дың халықаралық рейтингтерде алға шығуына себепкер болған заманауи үрдіс болып саналады.

Сонымен қатар,  білімнің қара шаңырағы болып табылатын университет 2011 жылдан бастап белгілі «QS WUR» рейтингінде 400 саты жоғары көтерілген, биыл әлемдік үздік жоғары оқу орындарының ішінде 207 орынды иемденді.

Халықаралық деңгейде даму саясатын қолданып отырған білім ордасына шет елдерден студенттерде көптеп келуде. Мобильді академия бағдарламасы аясында қазақстандық студенттерге тәжірибе алмасуға да мүмкіндік береді. Шетелдік студенттерді қолдау мақсатында университетте МВА және DBA орталықтары, ислам қаржылық, кәсіпкерлік және қаржылық, биржалық технологиялар кіретін бизнес-құзыреттер дамыту кластерлері ашылған. Бұл ұйымдар білім саласындағы шетелдік серіктестермен бірлесе іске асып жатқан жобалар. Ұйым өкілдері қаржы және биржалық трейдинг саласындағы әлемдік жетік тәжірибені пайдаланып, Ұлттық банкпен, «Астана» МФЦА-мен бірге жұмыс істейді.

Заманауи байланыс құралдарымен қамтамасыз етілген жағдаяттық басқару орталығы қызметтерді бақылап, мониторинг жасау үшін интерактивті ақпаратты жинап, талдайды. Бұл жерде университет әкімшілігі мен қызметкерлері ақпараттарды талдап, шұғыл түрде шешім қабылдауға мүммкіндік беретін өзекті әрі нақты ақпараттарды жедел тұрде алуына болады.

Цифрландыру жүйесіне көшу тек білім саласын ғана қамтымай басқа да әлеуметтік жағынан көмегін тигізіп жатыр. Мысалы, бал қою жүйесінің де жаңа форматқа көшуі студенттер мен мұғалімдер арасында сыбайлас жемқорлықтың болмауына септігін тигізуде. Студенттердің ойлап тауып жатқан қосымшалары әлеуметтік осал топтарға арналған, олардың арқасында инновациялық жолдармен қайырымдылық шараларын ұйымдастырып, жетім балалар мен қарттарға көмек беруге болады. Шетелде жүрген қазақ және қазақстандық азаматтарды қолдау жүйелері де ойластырылған.

Мемлекет басшысы және Үкімет тарапынан үлкен қолдау тауып отырған білім ордасында цифрлы жүйе аясында білім алып жатқан студенттер саны бүгінде 20 мыңға жуыған. Университет түлектері еліміздің мықты компанияларында жақсы лауазымдарда қызмет атқаруда. Әсіресе ақпараттық технологиялар дамыған заманда сапалы білім алған жастар өте жоғары сұраныста. Сол сұраныстағы жастардың көбі білімнің қара шаңырағына айналған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері болып табылатынын ұмытпайық.

Күзембаева Ұлдана, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Тарих, археология және этнология факультетінің II курс магистранты 

 

Ақпарат көзі: Alemtime

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Сізге ұнауы мүмкін