Спорт

Теннис: Голубев Италиядағы турнирдің жартылай финалына шықты

Қазақстандық Андрей Голубев жұптық сында Триесте (Италия) челленджер турнирінің жартылай финалына шықты

Қазақстандық Андрей Голубев жұптық сында Триесте (Италия) челленджер турнирінің жартылай финалына шықты.

Осы жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркелгендіктен, А.Голубев уругвайлық Ариэл Бехармен бірге доданы бірден ширек финалдан бастады.

Онда италиялық Лоренцо Джустино мен аргентиналық Марко Трунгеллитиді 6:0, 6:2 есебімен оңай ұтты.

Қазақстандық-уругвайлық жұп финалға шығу үшін германиялықтар Янник Ханфманн және Максимилиан Мартерермен таласады.

Триесте турнирі 30 тамыз күні мәреге жетіп, жеңімпаз анықталады. Тағы бір қазақстандық, рейтингте 178-орындағы Дмитрий Попко жекелей сында Чехияда өтіп жатқан Прага 2 челленджер жарысының ширек финалына шықты. Ол әлемдік рейтингте 161-сатыда тұрған франциялық Артур Риндеркнехті жеңсе, жартылай финалға жолдама алады.

 

 

Ақпарат көзі: inform.kz

Толығырақ:Спорт

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Сізге ұнауы мүмкін