Тарих

Шәмші Қалдаяқовтың басынан өткен қызықты оқиға

Бір заманда өтірік “Шәмшілер” көбейіп, атын пайдаланғандар аз болмаған. Бірде сыраханада Шәмші Қалдаяқов пен Әбілахат Еспаев тұрса, бір бейтаныс жігіт кеп:
– Мен Шәмші Қалдаяқовпын! – деп өзін таныстырыпты.
Екі дос не дерін білмей, бір-біріне қарапты. Сосын Әбекең:
– Мен Әбілахат Еспаевпын! – деп шынын айтыпты.
Ал Шәкең:
– Академик Ахмет Жұбановпын! – деп танысады.
Әлгі жігіт кеткесін Әбекең:
– Өлген кісінің атын айтып, өтірік танысқаның ұят емес пе? – дейді.
Сонда Шәмші:
– Ұялса ана жігіт ұялсын. Ол тіріні өлтірді, ал мен өліні тірілттім! – депті..

 

Ақпарат көзі: Ғаламатордан алынды

Толығырақ:Тарих

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Сізге ұнауы мүмкін