ДенсаулықЖалпы медицина

Репродуктивтік медицина институты баласыз жұптарға қала күніне орай ЭКҰ бағдарламасына жеңілдіктер ұсынады

Қала күніне орай репродуктивті медицина институты акция өткізіп, 25 ерлі-зайыптыларға құны 360 мың теңге тұратын тегін дәрі-дәрмектерге купондар, сондай-ақ ЭКҰ бағдарламасына 25% жеңілдік алуға мүмкіндік береді.

1995 жылы құрылған ЭКҰ орталығына биыл 25 жыл толады. Осы жылдар ішінде 5 адамнан тұратын ЭКҰ зертханасы үш клиникасында 300-ден астам қызметкері бар репродуктивті медицина ғылыми-практикалық институтына дейін өсті және Қазақстанда қосалқы репродуктивтік технологиялар саласында көшбасшы болды. Орталықтың қазіргі таңдағы қызметкерлері 90-шы жылдардың ортасында іс бастаған адамдар болып табылады.

25 жыл ішінде РМО-да сәбилі бола алмай жүрген 16000 отбасыларда бала дүниеге келді. Біздің ЭКҰ жолымен дүниеге келген балаларымыз медициналық араласусыз өздері ата-ана болды. 2019 жылғы 15 қазанда Қазақстандағы №1 ЭКҰ-зертханасының көмегімен 23 жыл бұрын дүниеге келген алғашқы қазақстандық қыз Алеся Шин ана атанғаны баршаға мәлім. Жүктілік және босану табиғи болды, нәресте сау болып туылды.
«Бүгінде қосалқы репродуктивтік технологиялар саласындағы барлық заманауи әдістемелер біздің пациенттерге қолжетімді. Хирургиялық және микрохирургиялық әдістерді қоса алғанда, әйелдер мен ерлер бедеулігінің ауыр түрлерін емдеу, онкологиялық науқастарда репродуктивті функцияны сақтау және дені сау бала тудыру мақсатында эмбриондарды генетикалық зерттеу табысты жүргізілуде.

Соңғы жылдары медициналық туризм қарқынды дамып келеді. Жыл сайын АҚШ, Германия, Италия, Қытай, Түркия және ТМД елдерін қоса алғанда, бізде 35 елден емделушілер емделуде», – деп атап өтті Орталық директоры Джусубалиева Тамара.

Статистикаға сәйкес, елдегі ЭКҰ-ға алғашқы 100 квота 2010 жылы бөлінді. 2019 жылы олардың саны 900 болды, бірақ 18 миллион халқы бар елде бұл жеткіліксіз болды. Көптеген баласыз отбасылар үшін қымбат қызметтердің қол жетімсіздігі көбінесе ажырасудың себебі болып табылады.
Нәтижелі жұмыстың және емдеу табыстылығының жоғары көрсеткіштерінің нәтижесі ретінде клиника тегін медициналық көмек шеңберінде мемлекеттік тапсырыстардың үштен бір бөлігін жүзеге асырады.

Бұл көрсеткіш жыл сайын өсіп келеді, мысалы, 2019 жылы клиника мемлекеттік квота бойынша 350 пациентке ЭКҰ бағдарламасын өткізді. Сонымен қатар, лапароскопиялық операциялар Үкімет бөлген тегін медициналық көмек аясында да жасалуда.

Мерейтойлық жылдағы айтулы оқиға Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы болып табылады, онда отбасылық-демографиялық жағдайға елеулі алаңдаушылық білдіре отырып, Үкіметке 2021 жылдан бастап ЭКҰ бағдарламалары бойынша квоталар санын 7 мыңға дейін, яғни 7 есеге ұлғайта отырып, «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасын іске қосуды тапсырды.

Отбасында көп балалы болу дәстүрі бар Қазақстан үшін мұндай жаңалық отбасы мен жалпы қоғамға деген шынайы қамқорлықтың көрінісі.

«Президенттің тапсырмасын қолдай отырып, біздің орталық баласыз ерлі-зайыптыларға қала күні мен клиникамыздың мерейтойына орайластырып, бонустық сыйлық жасауға шешім қабылдады. Бұл мемлекеттік квота алуға қатыса алмайтын отбасыларға өте жақсы мүмкіндік. Ұтыс ойыны 28 қыркүйекте біздің клиниканың мерейтойлық күні мен қала күніне арналған баспасөз конференциясынан кейін тікелей эфирде өтеді», – деді Тамара Мұхтахқызы.

 

Авторы: Абылгазова Жайна Амантаевна

Толығырақ:Денсаулық

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған