Салт-дәстүр

Наннан ауыз тиіп кетіңіз

«Наннан ауыз тиіңіз» дәстүрі қалай пайда болды?

Бұл дәстүр халық даналығында өмір қадірін түсіну үшін пайда болған. Адамдар әрқашан бір-біріне құрметпен қарап, қол ұшын беру арқылы жан сақтауға көмектесіп отырған. Бауырсақ сөзі осыған негізделіп пайда болса керек. «Бауыр» – ағза, «сақ» – қырағы деген екі сөздің тіркесуі арқылы жасалған.

Ежелгі ата дәстүріміз бойынша үй иесі кез келген қонаққа әрдайым дәмнен ауыс тигіздіріп, өзін адамдық болмысын жоғалта қоймағандығын, жолаушымен терезесі тең екендігін білдірген. Себебі бұл дүниеде барлық адамның дәрежесі бірдей.

Мейман күтуші өзі тамақ берген адамының келесі бір асқа дейін шыдай алатындығына кәміл сенімді болуы үшін дәм алдырған. Сол кезде ауыз тигізген азамат іштей біршама тынышталады. Өйткені үй қожасы өзін кісі алдында адами тұрғыдан лайықты етіп көрсетеді. Осы кезде өмірдегі ең маңызды нәрсе адам бола білу екендігін ұқтырады.

Яғни келген жолаушы сіздің туысқаныңыз, досыңыз, көршіңіз, танысыңыз немесе бөгде адамыңыз болсын адамдық қасиетін ұмытпау керектігін айтады. Мұндай қағида әрбір қазақтың жадында бар. Егер қазақ халқы «наннан ауыз тиіңіз» деп ас ұсынуды доғаратын болса, онда қазақ болудан, адам болудан қалғаны.

 

 

Ақпарат көзі: Ғаламатордан алынды

Толығырақ:Салт-дәстүр

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Сізге ұнауы мүмкін