Әлем

Марсқа спутник жіберудің не пайдасы бар

Өз қазанымызда қайнай бермей, әлемде болып жатқан маңызды өзгерісті біліп отырайық.

20 шілдеде Араб әмірліктері Марсқа алғашқы спутнигін жіберді. Ол Әл-Амал (Үміт) деп аталады.

Қытай да Марсқа Тяньуэнь-1 спутнигін аттандырды. (Ауд. “Аспанға қойылатын сұрақтар” – поэманың атауы).

5 тамызға дейін АҚШ та зондын ұшырмақ. Сапар сәтті болса, үш спутник те Марсқа 2021ж ақпан айында жетіп баруы керек. Неге бәрі осы аптада жіберіп жатыр?

Дәл осы кезде айналып жүрген 8 планета 1 сызыққа тұрады. Сонда спутниктер 7 айда ұшып барады. Басқа кезде 9 ай ұшады. Бұл тек уақыт қана емес, жанармай да үнемдеу.

Ресей Марсқа бармаймыз деді. Тек Еуропамен бір жоба жасамақ. Тиын жоқ-ау.

Марста несі бар осы жұрттың? Млрд-таған доллар жұмсап. Адамның тұруы өте қиын. Оттегі жоқ, толған улы газ, түнде -83 градус суық. Марста 1 күн тұрсаң, Жерде 1 жыл радиация алғандай зақымданасың.

Жауап көп:

– Ғылым мен технологияны дамыту
– Ғылыми потенциалды бір жоба аясына жинау
– Ғаламат имидждік жоба
– Марс пен Күн жүйесі эволюциясы жайлы ақпарат жинау
– Әлемдік ғылыми көшбасшылыққа талас
– Адамның Марста тұру мүмкіндігін зерттеу
– Ғарышқа, ондағы денелерге талас.

Ақпарат көзі: Nurmukhamed Baigarayev

Толығырақ:Әлем

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Сізге ұнауы мүмкін