Отандастар

Мәслихат депутаты Алматыда 150 балаға мектепке керек-жарақ затарын табыс етті

Бүгін, “Мектепке жол” республикалық акциясы аясында кәсіпкер, меценат, Алматы қаласы мәслихатындағы “Nur Otan” депутаттық фракциясының жетекшісі Мұрат Әділханов Алматы қаласының жағдайы төмен және көп балалы отбасылардан шыққан 150 оқушыға спорттық киім мен кеңсе заттарын табыс етті, деп хабарлайды Alemtime.kz ақпараттық агенттігі

Акцияның негізгі мақсаты әлеуметтік себептер бойынша мектепке бармауын алдын алу және көмек көрсету болып табылады.

“Бірінші қыркүйек-барлық балаларға арналған Білім күні. Ол мектеп жасындағы барлық балалар үшін мереке болуы тиіс. Көп балалы отбасынан шыққан адам ретінде баланы мектепке дайындау, қажеттінің барлығын сатып алу ата-аналар үшін қиын іс болып табылатынын білемін. Бірнеше бала тәрбиеленіп жатқан отбасыларға, сондай-ақ қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларға ерекше қиын. Мен бірнеше жыл бойы осы іс-шараға белсене қатысып келемін. Nur Otan партиясының Төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Алматы қаласындағы акциямен қамтылған оқушылар саны жыл сайын артып келеді. Барлық мұғалімдерді, ата-аналарды және оқушыларды келе жатқан жаңа оқу жылымен құттықтаймын! Жаңа оқу жылында жаңа жетістіктер тілеймін!»-деді Мұрат Әділханов

 

Ақпарат көзі: Alemtime

Толығырақ:Отандастар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Сізге ұнауы мүмкін