Тарих

«Мұнанай» қазақтың игерілмей қалған жері

Жалпы, Ресей империясы Қазақ даласының маңыздылығын әуелден ерте түсінген болатын. Соған қатысты 1 Петр патша былай деген болатын: «Хотя оная киргиз-кайсацкая орда степной и легкомысленный народ, токмо всем азиатским странам и землям оная орда — ключ и врата»

Иә, шынында басқа Азия елдеріне өту үшін Қазақ жері арқылы шығу мүмкін еді, сондықтан әуелі қазақтарды бірде қарудың күшімен бірде сауда-саттық арқылы бағындыру қажет еді.

Ресейдің бағзы заманнан қалыптасқан бір дәстүрі бар, ол өзімен іргелес отырған түркі жұртының шабуылынан қорқып, оларға қарсы бекіністер желілерін салатын еді және ол істе көбінесе казактарға сүйенетін.

Мысалы, 1550 жылы далалықтардан қорғану үшін «Засечная черта» деген қорғаныс желісін салады. 1580-1590 жылдары осы желі бойында мынадай тірек пункттері-қалалар салынады: Воронеж, Елец, Ливны, Оскол, Елец, Валуйки және т.б. Бұл қамалдарды салудан кейін Патша Үкіметі өз әскерлерін Ока өзенінің бойынан неғұрлым оңтүсікке қарай жылжытып, Мценск, Орел және Новосел қалаларының төңірегіне шоғырландыра бастайды. Келесі кезекте Чугуев маңында далалықтардың қоныстарына жақындап, одан кейінгі осындай ретпен келесі желіні де сала бастайды.

Қазақ даласында да осы әдіс қолданылды, әуелі Жайық бойынан бастап Сібір жеріне дейін біртіндеп бір желіден келесісін салып отырған.

Сол үшін қазақ пен башқұрт халықтарының арасында сыналап кіріп, тоғыз жолдың торабы болған Троицк маңын (қазақша аты «Мұнанай», аталған мекен қазақтың Орта жүзіндегі Қыпшақ тайпасының қарабалық руының жері болатын) игеру мақсатында Ресейден жүздеген әскер мен арнайы мамандарды алып келіп, Үй өзенінің бойындағы қазақ ауылдарына шабуыл жасап, олардың оңтүстікке қарай, яғни қазіргі Қостанай мен Торғай жеріне жылжуына мәжбүрлейді.

 

Ақпарат көзі: Ғаламатордан алынды

Толығырақ:Тарих

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Сізге ұнауы мүмкін