Салт-дәстүр

Әлемдегі ең жаман қарғыс

Абылай ханның қарғысты қайтаруы
Бірде – өз-өзімен күңкілдеп жүрген,
– қалмақтың қарғампаз-қарғысшыл бір қариясы
бір егесте Абылайға:

Қалмақ :
– Абылай шөбің жапырылмасын,-депті.

Абылай хан :
– Мұның қара қасқа кедей боп,
малың болмасын дегенің ғой,
бұл қарғыс емес.
Қазақтың малы – менің малым.
Бүкіл қазақта мал болмай қалмайды,-дейді.

қалмақ :
– Күлің шашылмасын!

Абылай хан :
– Бұл да қарғыс емес.
Балаң болмасын дегенің ғой,
қазақтың баласы – менің балам.
Бүкіл қазақта бала болмай қалмайды.

қалмақ :
– Өзің білме, – білгеннің тілін алма.!

Абылай хан :
– Міне,
– бұл қарғыстың ең жаманы.
– Өзі білмейтін,
– білгеннің тілін алмайтын ел өспейді.
– Қарғысың қара басыңа барып жабыссын,
– деген екен Абылай хан.

 

Ақпарат көзі: әлемтайм

Толығырақ:Салт-дәстүр

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Сізге ұнауы мүмкін