Бизнес

LC Waikiki Абайдың бейнесі бар жейделерді шығарды

Әлемге танымал бренд Абайдың бейнесі бар жейделерді шығарды.
LC Waikiki компаниясы өкілдерінің айтуынша, соңғы кезде Қазақстанда ұлттық нақыштағы киімдерге, қазақтың ою-өрнектері бейнеленген жейделерге сұраныс артқан
Сондай-ақ, Абайдың қара сөздері мен ұлы ойшылдың суреті салынған футболкаларға да қызығушылық жоғары.
«2020 жыл Қазақ халқының ұлы ақыны, философы әрі ағартушысы Абай Құнанбайұлының құрметіне орай «Абай жылы» болып жарияланды.
LC Waikiki компаниясы ретінде осындай ерекше жылда халықтың санасын жаңғыртуға бағытталған жобаларға біз де өз үлесімізді қосқымыз келді. Осы іспеттес іс-шараларды әрдайым қолдайтынымызды атап өткіміз келеді, – деді «LC Waikiki Kazakhstan» компаниясының бас директоры Сердар Башак.
«Абай 175» футболкалар коллекциясы LC Waikiki мен «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының арасындағы меморандумның нәтижесінде жүзеге асты.
Абайдың суреті бейнеленген футболкаларды LC Waikiki онлайн дүкені арқылы тапсырыс беруге болады. Сондай-ақ сауда орталықтары ашылған соң LC Waikiki желісінің еліміздегі барлық дүкендерінде сатылымға шығады

 

Ақпарат көзі: ruh_qz

Толығырақ:Бизнес

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Сізге ұнауы мүмкін