Бизнес

LADA Granta енді “Abay175” деп аталатын болады

Қазақстандағы ірі автоқұрастыру зауыттарының бірі – «Азия Авто» Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы қарсаңында арнайы сериямен көліктер шығарып жатыр. LADA Granta маркалы автомобильдерінде «Abay175» деген жазу болады. Салонында Абайдың қара сөздерінің кітабы бар

“Abay175” коллекциясы ақпан айының соңына қарай сатылымға шығады.

Абайдың 175 жылдығына арналған LADA Granta-ның Classic түрінен 500 автокөлік құрастырылды.

Салонда Абайдың қара сөздерінің кітабы бар.

Мерейтойлық коллекция LADA Granta-ның Classic, яғни базалық жабдықталу үлгісіндегі 500 автокөлігінен тұрады. Кәсіпорынның өзінде «халықтық көлік» деп аталатын бұл модельдің бағасы – 2 млн 820 мың теңге.

 

Ақпарат көзі: Азаттық рухы

Толығырақ:Бизнес

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Сізге ұнауы мүмкін