Бизнес

Кәсіпкерлік нысандардың жұмыс уақыты ұзартылуы мүмкін

Келесі аптадан бастап кәсіпкерлік нысандарының жұмыс уақыты ұзаруы мүмкін. Бүгін ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Нұр-Сұлтандағы сауда нысандарын аралап шыққан болатын. Оның барысында кәсіпкерлер сауда және ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінің жұмыс режимін сағат 22:00-ге дейін, ал базарлардың жұмыс режимін сағат 20:00-ге дейін ұлғайту мүмкіндігін қарастыру жөнінде бастама көтерді

Ералы Тоғжанов Денсаулық сақтау министрлігіне жақын арада өтетін COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-та сауда нысандарының жұмыс уақытын ұлғайту бойынша кәсіпкерлердің барлық ұсыныстарын шығаруды тапсырды. «Осы аптада өтетін үкіметтік комияссия отырысында нақты шешім қабылданады», – деді Ералы Тоғжанов. Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның мәліметінше, елдегі эпиджағдай жақсы болса, тағы бірқатар бизнестің жұмысы қайта жанданбақ.

 

Ақпарат көзі: inform.kz

Толығырақ:Бизнес

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Сізге ұнауы мүмкін