Спорт

Кәсіпқой бокс: Тұрсынбай Құлахмет пен Қамшыбек Қоңқабаев алғашқы жеңіске қол жеткізді

Қазақстандық былғары қолғап шеберлері кәсіпқой бокстағы тұсаукесер жекпе-жегін өткізді. 23 тамыз күні орын алған бокс кешінде Тұрсынбай Құлахмет Сағадат Рахманқұловпен қолғап түйістірді

Жекпе-жек 4 раундқа дейін созылған. Сағадаттың бапкерлері келесі раундттан бас тартып, нәтижесінде Тұрсынбай Құлахмет кесіпқой бокстағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Қамшыбек Қоңқабаевтың қарсыласы – бұған дейін 11 рет титулдық жекпе-жек өткізген Иса Аскербаев. Қамшыбек алаңда басымдық танытып, қарсыласынан озық түсті. Қамшыбек Қоңқабаев 1991 жылдың 18 қарашасында дүниеге келген. Ол – әуесқой бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны. Қамшыбек 2017, 2019 жылдары әлем, сол жылдарда Азия чемпионы атағын иеленген. Кәсіпқой бокста жекпе-жек өткізгеніне қарамастан Токио олимпиадасына қатысу мүмкіндігін жоғалтқан жоқ. Тұрсынбай Құлахмет 1994 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. 2019 жылы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанып, Азия чемпионатында алтыннан алқа таққан.

 

Ақпарат көзі: Alemtime

Толығырақ:Спорт

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Сізге ұнауы мүмкін