Спорт

Хоккей: «Барыс» жолдастық кездесуде «Сарыарқаны» ойсырата жеңді

Елордалық «Барыс» бүгін Қарағандының «Сарыарқа» командасымен жолдастық кездесу өткізді

Елордалық «Барыс» бүгін Қарағандының «Сарыарқа» командасымен жолдастық кездесу өткізді. Аталған ойында елордалық клуб қарсыласынан 8:2 есебімен басым түсті.

Бірінші кезеңде есепті алғаш болып «Сарыарқа» хоккейшісі Владислав Кулиев ашты. Одан кейін «Барыс» қатарынан сегіз шайба соқты. Бірінші кезеңде Антон Сагадеев 8, Әлихан Әсетов 17-минутта қарағандылық команда қақпасынан саңылау тапты.

Екінші кезеңде елордалық клуб сапынан Линус Видель 24, Егор Петухов 33-минуттарда мергендік танытты.

Ал үшінші кезеңде «Барыс» қатарынан Дмитрий Гурков 51, Никита Михайлис 53, Даррен Диц 56, Дмитрий Шевченко 58-минуттарда қарсылас клубты қапы қалдырды. Қорытынды есепті 60-минутта «Сарыарқа» сапынан Александр Борисевич белгіледі.

Естеріңізге сала кетелік, «Барыс» бұдан бұрын Өскеменнің «Торпедо» клубымен екі мәрте жолдастық кездесу өткізді. Алғашқысында 1:2 есебімен жеңіліп, екінші ойында 6:4 есебімен басым түсті. Ал 31 тамызға жоспарланған Ресейдің «Автомобилист» (Екатеринбург) командасымен жолдастық кездесу өткізілмейтін болды.

Құрлықтық хоккей лигасындағы алғашқы ойынын «Барыс» 3 қыркүйекте Латвияда «Динамо» (Рига) командасына қарсы өткізеді.

Ақпарат көзі: inform.kz

Толығырақ:Спорт

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Сізге ұнауы мүмкін