Әлем

Джохар Дудаев туралы естігеніңіз бар ма?

1991 жылы Джохар Дудаев басшылығындағы Шешенстан Ресейден тәуелсіздігін жариялады. Бірақ Ресей президенті Борис Ельцин Шешенстанның тәуелсіздігін қабылдамады, аймаққа орыс әскери жасақтары жіберілді. Ал 1996 жылы 21-ші сәуір күні, Шешен елі тәуелсіздігі үшін күрескен, Ичкерия Шешен Республикасының тұңғыш президенті Джохар Дудаев өлтірілді

Ол отбасында он үшінші бала болып дүниеге келген. Дүние есігін ашқанына сегіз күн толар-толмастан Қазақстанның Павлодар облысына халық жауы ретінде отбасымен жер аударылды. Кейін Шымкент қаласына көшкен. Жоғары оқу орнын ұлтын жасыра жүріп қызыл дипломға аяқтаған. Кеңес әскері генералы шеніне дейін көтерілді. КСРО ыдырағаннан кейін орыс әскеріне қарсы шешен халқының ұлт-азаттық қозғалысын басқарды. Алайда, аяғы қанды қырғынмен аяқталды.

Джохар Дудаев 1995 жылы «Взгляд» басылымына берген сұхбатында Ресейдің алдағы жоспарлары жайында ойымен бөліседі. Оның айтуынша Ресей билігі Шешенстандағы соғыстан кейін әскерін Қырымға алып кірмек болған.

«Ресейдің Шешенстанға деген көзқарасын өзгерту үшін Ресейдің өзі өзгеруі қажет. Ресей билігінің жоспары бүге-шүгесіне дейін ойласытырылған. Шешенстаннан соң Қырымға көз тігеді. Қырымды әлі талай қырғын күтіп тұр. Украинамен де қатығысады. Ресей құлдырамайынша, менмендіктен ешқашан бас тартпайды, жоспарларын жүзеге асырмай тыншымайды. Ресей – рэкетир. Екі ұғым бүгінде егіз секілді. Иранға ядролық технолоияны береміз деп бопсалап, ақша жасайды. Егер өркениетті ел мұны қаламаса, ақшасын береді», – дейді генерал.

Сондай-ақ, саясаткер Ресей жоспарының құрамына Эстония, Латвия, Литва, Қырғызстан және Қазақстанның да кіретінін айтып қалды.

 

Ақпарат көзі: Архив Кз

Толығырақ:Әлем

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Сізге ұнауы мүмкін