Әлем

Әділхан Ержановтың туындысы 77-ші Халықаралық Венеция кинофестиваліне қатысады

Қазақстандық режиссер Әділхан Ержановтың «Сары мысық» көркем фильмі 77-ші Халықаралық Венеция кинофестивалінің «Көкжиектер» конкурстық бағдарламасына қатысады
Әлемнің ең ірі және беделді фестивалдерінің бірі биыл 2-12 қыркүйек аралығында жанды форматта өтеді.
«Көкжиектер» бағдарламасының халықаралық қазылар алқасын атақты француз киногері Клэр Дени («Жақсы жұмыс», «Іштегі жайдарлы шуақ», «Ақсүйектер қоғамы») басқарады. «Сары мысық» («Желтая кошка»)кинотуындысын Short Brothers (Қазақстан) компаниясы, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ (Қазақстан) және Arizona Productions (Франция) киностудиясының қатысуымен ZERDE FILMS (Қазақстан) компаниясы түсірген. «Сары мысық» – режиссер Әділхан Ержановтың тоғызыншы толықметражды көркем фильмі. Түсірілім жұмысы былтыр Алматы облысында өтті.
Фильмнің бас продюсерлері: Әсел Сәдуақасова, Қанат Битеміров және Ербол Тойбаев.
Фильм қазақстандық «Бонни мен Клайдтың» оқиғасын баяндайды.
Түрмеден шығып, елге оралған Кермек есімді жас жігіт, өзінің туып-өскен қаласында белгілі бір қылмыстық топтың өз заңдарын орнатқанын көреді.
Ева атты сүйіктісі де осы адамдардың қысым көрсетуімен теріс жолға түсіп кеткен, Кермек те қылмысқа белшесінен батуға мәжбүр болады.
Дегенмен ол сүйген қызымен бірге еркіндікке қол жеткізіп, кинотеатр салу туралы арманын іске асырмақ болады…

 

Ақпарат көзі: ruh_qz

Толығырақ:Әлем

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Сізге ұнауы мүмкін