Биыл отанына оралған қандастар үшін қанша квота бөлінді
Қазақстанның өңірлеріне қандастарды қабылдаудың 2020 жылға арналған квотасы бекітілді. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 17 тамыздағы №223 «2020 жылға арналған қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын бекіту туралы» бұйрығы шықты. Оған сәйкес, 2020 жылға арналған қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы – 1 378 адамды, ал қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы – 4 750 адамды құрайды.