Бизнес

БҚО-дағы ерлі-зайыптылар «Zere» брендін шетелге танытпақ

БҚО-дағы Белес ауылында тұратын ерлі-зайыптылар «Zere» елдің батыс аймағында жент өнімінің әр түрін жасап шығарады. Бүгінде оған тапсырыстар елдің барлық өңірінен дерлік келіп түсуде. Жеке кәсібін дөңгелетіп отырған Абзал сағынов пен Гүлбақыт Қуанышқалиева көпбалалы отбасы. Гүлбақыттың бала күнінен кондитерлік өнімдерді жасауға биімділігі бар екен

Осыдан үш жыл бұрын жоғары оқу орнында оқып жүріп, тұрмыс құрған. Сөйтіп, өмірге бірінен кейін бірі Әділет, Бекарыс, Зере, Әмірхан есімді ұл-қыздары келген. «Қызым Зере бір жасқа толғанда бірнеше шеберлік сыныбынан өтіп, тәтті тағамдарды пісіре бастадым. Жұмысымыз өрге басып, дами бастағанын көріп, кондитерлік цехымды ашқым келді де, демеушілер іздей бастадым. «Даму» кәсіпкерлерді қолдау қорына барып, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының «Бизнес Кеңесші» тегін курсы бар екенін білдім. Тек қана ауылдық жерге қолданылатын «Бастау Бизнес» тегін курсы бар екенін білдім. Тек қана ауылдық жерге қолданылатын «Бастау Бизнес» жобасына жаңашыл бизнес жобасын ұсынып, 3 млн теңгеге дейін мемлекеттік грант алуға болатынын білгеннен кейін, оның бізге берілген үлкен мүмкіндік екенін түсініп, ерекше идея іздей бастадым», – деп әңгімелейді Гүлбақыт. Келіншек 2019 жылы «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқып, сертификат иеленеді. Оның шоколадқа жент салып пісіретін жеке рецептін ұсынған жобасы қолдауға ие болып, 2 млн теңгені жеңіп алған. Сөйтіп, отбасының ұлттық десерттерді дайындауға арналған шағын цехы тұсауын кеседі. «Шаршайтын кездерім де болады. Кейді тәулігіне үш-төрт сағат қана ұйықтаймын. Бірақ, отбасым, жолдасым мені әрқашан қолдап келеді. Болашақта «Zere» брендін шетелге танытқымыз келеді», – дейді Гүлбақыт.

 

Ақпарат көзі: inbusiness.kz

Толығырақ:Бизнес

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Сізге ұнауы мүмкін