Отандастар

Бүгін шекарашылар күні

Бүгін 18 тамыз – Қазақстан Республикасы Шекара әскерінің құрылған күні. 1992 жылғы дәл осы күні Елбасының  Жарлығымен Шығыс шекара округі негізінде Қазақстан Республикасы Шекара әскері құрылды. Еліміздің шекарашылары 28 жыл еліміздің тыныштығын күзетіп келеді

Бүгін сондай-ақ дәл осындай мереке Әзербайжан елінде де тойлануда. Бұл мейрам елдің кәсіби мерекелері күнтізбесінде 2000 жылы пайда болды. Сәйкес жарлыққа мемлекет басшысы қол қойған.

Сондай-ақ, бүгін Тәжікстанда медицина қызметкерлерінің күні аталып өтіледі. Парсы-тәжік халықтарының ғалымы, дәрігер Әбу Әли Ибн Синаның туған күніне орай 18 тамыз медицина қызметкерлерінің күні болып белгіленген.

Авиценна 980-1037 жылдары өмір сүрген. Оның медицина ғылымына қосқан үлесі үлкен. Медицина қызметкерлері күні Тәжікстан Республикасының күнтізбесінде 1995 жылы пайда болған.

 

Ақпарат көзі: https://baribar.kz/

Толығырақ:Отандастар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Сізге ұнауы мүмкін