Отандастар

Қазақстандық студенттер Африкада ауыз су колонкасын орнатты

Қазақстандық студенттер Нұрсұлтан пен Жан, Банги қаласының маңында ОАР-да ауыз су колонкасын орнатты. Балалар Африка тұрғындарына көмектесу үшін жыл бойы 5 мың $ ақша жинады. Алдағы уақытта қазақстандықтар Қазақстанда және елден тыс жерлерде көмек көрсету үшін қайырымдылық ұйымын құруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Alemtime.kz ақпараттық агенттігі

Жігіттер мұғалімдердің сабақтарда Африкадағы ауыз су мәселесі туралы жиі айтқанын, дәл осы әңгімелер балаларды көмек көрсетуге итермелегенін еске алады.

“Бастапқыда біз 5 мың долларды жинай бастадық. Бізде 4,5 мыңға жуық ақша жиналған кезде одан әрі ақша жинауда қиындықтар пайда болды,бірақ, бақытымызға орай, компания осы сомаға ауыз су колонкасын орнатуға келісті. Қондырғыға ақша жинау біздің жұмысымыздың бір жылын алды және осы жылдың 30 маусымында мақсатқа қол жеткіздік”, – дейді жігіттер.

Колонка ОАР-да Банги қаласының маңында орнатылған. Жігіттердің айтуынша, жергілікті тұрғындар жас қазақстандықтар тарапынан қайырымдылық акциясына ризашылықтарын білдіруде.

Өкінішке орай, Нұрсұлтан пен Жан Африкаға өздері бара алмады.

Қазақстандықтар бұл қайырымдылық қызметінің басы ғана екенін атап өтеді.  Болашақта жігіттер еліміздегі мұқтаж жандарға көмектесетіндіктерін айтты.

 

Ақпарат көзі: Alemtime

Толығырақ:Отандастар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Сізге ұнауы мүмкін