Спорт

Қазақстандық шахматшылар дүниежүзілік онлайн олимпиадаға қатысып жатыр

Қазақстандық шахматшылар бүгіннен бастап дүниежүзілік онлайн олимпиадада өнер көрсетеді. Біздің спортшылар 21-23 тамыз аралығында әлемдегі ең мықты командалармен күш сынасады шілде айының бірінші жартысында Халықаралық шахмат федерациясы (FIDE) тарихта тұңғыш рет шахматтан дүниежүзілік олимпиаданың онлайн форматта өткізілетінін хабарлады

Ойындар 2020 жылдың 22 шілдесінен 30 тамызына дейін өтеді. Онлайн Олимпиада 2020 – ФИДЕ ұйымына мүше елдердің ұлттық құрамалары арасындағы жалпы командалық жарыс. Жарыс chess.com ойын алаңында ұйымдастырылады және екі негізгі кезеңнен тұрады: «Дивизиондар» және «Плей-офф». Оған 163 ұлттық құрама команда және әлемнің 1500-ден астам үздік шахматшысы қатысады. Әр команда құрамында алты негізгі және алты резервтік ойыншы, сонымен қатар команда капитанынан тұрады. Бірінші қадамнан бастап әр жүріске 15 минут + 5 секунд беріледі. Нона Гаприндашвили кубогының көрсеткіштеріне сәйкес, 2018 жылы Батуми қаласында өткен соңғы олимпиаданың нәтижесі бойынша, онлайн Олимпиаданың «Жоғарғы дивизион» қатарына әлемнің 5 үздік ұлттық құрамасы (Үндістан, Қытай, Ресей, Украина, АҚШ), төрт континенттен 5 үміткер команда мен іріктеу кезеңінен өткен 15 команда енгізілді. Азияның шахмат федерациясы Қазақстан құрамасын Жоғарғы дивизионға ұсынды, бұл топта біздің шахматшылар 21-23 тамыз аралығында әлемдегі ең мықты командалармен күш сынасады. Жоғары дивизионның 40 командасы 4 топқа бөлініп, әрқайсысында айналма турнирі өткізіледі. Әр топтан үздік үштік: іріктеу кезеңінен, ширек финалдан, жартылай финалдан және финалдан тұратын Плей-офф кезеңіне өтеді.​Онлайн-олимпиадаға Қазақстанның ерлер құрамасынан халықаралық гроссмейстерлер Ринат Жұмабаев, Мұртас Қажғалеев, Рустам Хуснутдинов және Ануар Исмағамбетов, халықаралық спорт шебері Денис Махнев және ФИДЕ шебері Рамазан Жалмаханов қатысады.​Еліміздің әйелдер құрамасынан халықаралық әйелдер гроссмейстерлері Жансая Әбдімәлік, Бибісара Асаубаева, Гүлісхан Нахбаева және Гүлмира Дәулетова, әйелдер арасындағы халықаралық спорт шебері Әсел Серікбай және әйелдер арасындағы ФИДЕ шебері Меруерт Камалиденова қатысады.​Команда капитаны – халықаралық гроссмейстер Павел Коцур.​Біздің команданың ең жақын қарсыластары – Әзербайжан, Венгрия, Оңтүстік Африка Республикасы, Украина, Словакия, Испания, Норвегия, Франция және Нидерланд. Жарыстың бірінші күні, 21 тамызда Қазақстан құрамасы Словакия, Нидерланд (топ-гроссмейстер Аниш Гири жетекшілік ететін) және Испания командаларына қарсы ойнайды. Жарыстың трансляциясы турнирдің Olymp.FIDE.com веб-сайтында, әлемнің барлық танымал тілдерінде жүргізіледі.

 

Ақпарат көзі: inform.kz

Толығырақ:Спорт

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Сізге ұнауы мүмкін