Спорт

Қазақстанда параспорт бойынша жаңа екі федерация құрылды

Қазақстан Республикасының Паралимпиада комитеті жаңадан құрылған екі федерацияны спорттық федерациялар ретінде таныды

Қазақстан Республикасының Паралимпиада комитеті жаңадан құрылған екі федерацияны спорттық федерациялар ретінде таныды.

«ҚР Паралимпиада комитеті жазғы паралимпиадалық емес спорт түрі «паракаратэден» спорт федерациясы ретінде «Паракаратэ федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігін және жазғы паралимпиадалық спорт түрі «пара атудан» (оқ ату) спорт федерациясы ретінде «Қазақстандық спорттық ату федерациясы» қоғамдық бірлестігін мойындады.

Спорттық федерация мақұлдауға ие болғаннан кейін өз спорт түріне Ұлттық паралимпиада комитетінде өкілдік етеді.

Сонымен қатар сертификат спорт федерацияларына мемлекеттік аккредитацияны алуға және өз спорт түрлерін республикалық федерация ретінде дамытуға мүмкіндік береді», – делінген Паралимпиада комитетінің ақпаратында.

 

Ақпарат көзі: inform.kz

Толығырақ:Спорт

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Сізге ұнауы мүмкін