Спорт

Қазақстанда Дәрмен Сәдуақасов кубогына арналған шахмат турнирі өтеді

28-30 тамыз аралығында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, Дәрмен Сәдуақасов шахмат академиясы және «Bolashaq» қауымдастығы жедел шахматтан балалар онлайн-турнирі – халықаралық гроссмейстер Дәрмен Сәдуақасов кубогын ұйымдастырады. Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған жарысқа 600-ге жуық қазақстандық жас дарын қатысады деп күтілуде. Іс-шараның басты міндеті – карантин және халықаралық шекаралар жабық кезеңде сапалы турнир тәжірибесін қажет ететін отандық таланттарды қолдау

Жарыс 2002-2005, 2006-2009 жылдары, сондай-ақ 2010 жылы туған және одан кіші жастағы ұлдар мен қыздар арасында өтеді. Жүлде қоры – 2,6 млн теңге. Сонымен қатар, ұлдар мен қыздарға жеке сыйлық тағайындалды. Турнир lichess.org ойын алаңында өтеді. Ойын Швейцария жүйесі бойынша 9 турдан тұрады. Уақытты бақылау – партияның соңына дейін әр қатысушының жүрісіне 15 минут + 10 секунд. Жарысқа қатысу үшін өтінімдер dscup2020@gmail.com электронды поштасына қабылданады, тіркеу мерзімі – Нұр-Сұлтан уақытымен 24 тамыз 18:00-ге дейін. Өтініште жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және ұялы телефон нөмірін қоса көрсету қажет. Бүгінде турнирге 200-ден астам ойыншы тіркелген. Турнирдің бас төрешісі – халықаралық төреші, ФИДЕ шебері Ержан Шәкенов. Античитерлік комиссияны халықаралық гроссмейстер Әнуар Исмағамбетов басқарады. Комиссияның міндеті – әділ ойынды қамтамасыз ету және сыртқы кеңестер мен компьютерлік бағдарламаларды қолдануға байланысты түрлі бұзушылықтарға жол бермеу. Алаяқтықпен күрес – қазіргі шахматтың басты мәселесі. Тіркеу, төрешілік, жүлделерді бөлу, төрешілер мен античитерлік комиссияның жұмысы туралы толық ақпаратты жарыс ережесінен білуге болады.

 

Ақпарат көзі: inform.kz

Толығырақ:Спорт

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Сізге ұнауы мүмкін