Отандастар

Қазақсатандағы алғашқы табиғи қорық

Қазақстандағы тұңғыш мемлекеттік табиғи қорық болып Ақсу-Жабағылы саналады, ол 1926 жылы ашылған. Қорық территориясы Қырғызстан және Өзбекстан мемлекеттерімен шектеседі. Аумағы – 131 934,3 га. Мұндағы ең биік тау – биіктігі теңіз деңгейінен 4238 метр болатын Сайрам шыңы. Таудың көрінісі жансыз жатқан түйеге ұқсайтындықтан, жергілікті халық тауды «Ақтүйе өлген» деп атайды. Қорықтың екі негізгі өзені – Ақсу және Жабағылы. Қорық аумағында қар ерімейтін битік таулы аймақта орналасқан 27 көл бар. Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығын флора мен фаунаға өте бай. Дәл осы қорықта сирек кездесетін әрі жер бетінен жойылып бара жатқан жануарлар мен бүкіл Қазақстанның өсімдік әлемінің төрттен бірі бар

 

Қорықтың символы – Грэйг қызғалдағы экспорт көзіне айналды. Қорықтың тағы бір асыл қазынасы кәдімгі жабайы алманы ғалымдар бүгінгі жеміс алмасының түп атасы екенін дәлелдеп шыққан. Ақсу-Жабағылының сазды топырағында палеонтологтар тасқа айналған өсімдіктердің, жәндіктердің, балықтардың және кесірткелердің іздерін тапқан.

 

Мінекей, осындай телегей-теңіз тарихы бар «Ақсу-Жабағылы» қорығы ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік биосфералық қорықтар желісіне енгізілді. Бұл мәртебе қорықтың тұмса табиғатын, өсімдіктер мен жануарлар әлемін сақтауға және еліміздің туристік әлеуетінің нығаюына септігін тигізбек. Бірегей қорыққа жылына орта есеппен 1,5 мыңдай саяхатшы келеді. Туристер үшін арнайы экскурсиялық бағыт жасалған. Бір сөзбен айтқанда, Ақсу-Жабағылы – көркі көз тартатын жасыл желекке оранған, емдік қасиеті бар ерекше өсімдіктер мен бай жануарлар әлемінің мекені.

 

Ақпарат көзі: fpp_kz

Толығырақ:Отандастар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Сізге ұнауы мүмкін