Атырау — Атырау облысының әкімшілік орталығы, Қазақстанның батысында, Жайық өзенінің бойында орналасқан қала. Қаланың негізі 1640 жылы қаланған. Тұрғыны 270 882 адам (2019). Атырау қаласынан Астанаға дейінгі қашықтық 1810 км.
Қала жеріндегі белгілі тұңғыш тұрақты қоныс — қазіргі «Орбита» стансасы қасындағы Алтын Орда кезеңіндегі болған Лаэти асары. Ноғай ордасы кезеңінде балықшылардың тұрақты Үйшік қонысы Жайық өзені сағасында орналасқан.
Казак-орыстар жаулап ала бастағанда 1640 ж. Яицкий городок аталған қалашық салынған. Жайықтың жоғарысындаВерхний Яицкий городок (қазіргі Орал қаласы) деген қалашық салынғасын, Нижний Яицкий городок деп аталып кеткен, соңынан ол — Усть-Яицкий городок.
Ресей ханшайымы Екатерина II Яик өзенін (Жайықтың орысша атауы) Урал деп атауын жарлығымен бекіткенде, қаланың атауы Гурьев городок, Гурьев деп өзгертілген.
1920 жж. қысқа уақытқа большевиктер Гурьевті Чапаев деп қайта атаған.
1992 ж. бері қала атауы — Атырау.