ЕжелгіТарих

Ата заңымызға 25 жыл

2020 жыл жалпы елімізде ғана емес бүкіл әлемнің есінде қалатындай із қалдырғаны анық. Биылғы жылы әлем көптеген өзгерістерді бастан кешірді, жақсысы да бар жаманы да бар. Елімізде де көптеген өзгерістер болып жатыр. Мұңайып отыратын уақыт жоқ, алға жылжуымыз керек. Биыл Ата заңымыздың қабылданғанына 25 жыл толды. Қандай жағдай болмасын қазақ үшін ең атаулы күндердің бірі. Тәуелсіздігімізбен қатар жүретін Конституция күні баршамызға құтты болсын

Тәуелсіз Қазақстанда елдің негізгі заңы екі рет қабылданды. Алғаш рет – 1993 жылы 28 қаңтарда. Ол кіріспеден, 4 бөлім, 21 тарау және 131 баптан тұрды. 1993 жылғы құжатта Қазақстан парламенттік республика атанды. Алайда 1993 жылғы Конституция ескі әкімшіл-әміршіл ережелерге сүйенгендіктен, жаңа қоғам талабына сай келмеді. Адамның жеке құқығы мен бостандығы, және оны қамтамасыз ету қағидалары, мемлекеттік үкімет билігін жүргізу нысандары, басқару саласындағы демократиялық институттардың қызметі нақты айқындалмаған болатын. Сол себепті 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық референдум негізінде жаңа Конституция қабылданды.

30 тамыз – Конституция күні.

Дәл сол күні Қазақстан халқы тарихи шешім қабылдап, елдің құқықтық өміріндегі жасампаз жаңа дәуіріне қадам басты. Референдумға сайлаушылардың 90,58%-і қатысты. Олардың 89,14 проценті жаңа Конституцияны қолдап дауыс берді. Қолданыстағы Ата заң 9 тараудан, 98 баптан тұрады.

Жаңа Конституцияны қабылдау қарсаңында ұзақ мерзімді қызу жұмыстар атқарылды. Тұңғыш президенттің бастамасымен құрылған сарапшылар әлем елдерінің Конституцияларын мұқият сараптап, зерделеп шықты.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, құжатты талқылауға 3 миллионнан астам адам қатысқан. Қазақстанның Ата заңы әлемдегі ең жас Конституциялардың бірі саналады.

1995 жылы қабылданған Конституцияға бірнеше рет өзгеріс енгізілген.

2007 жылы Конституцияға Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік мерзімін шектемеу жөнінде өзгеріс енгізілді. Ол бойынша “бір адам қатарынан екі реттен артық республика президенті болып сайлана алмайды. Бұл шектеу Қазақстанның тұңғыш президентіне – Елбасыға қолданылмайды”.

2011 жылдың ақпанында Ата заңға президенттің кезектен тыс сайлауын белгілеу және өткізуге қатысты өзгерістер енді. Сол кезде Қазақстанның бірінші президентіне “Елбасы” мәртебесі берілді.

2017 жылы Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев конституциялық реформа туралы жария етті. Елбасы өз өкілеттігінің біраз бөлігін үкімет пен парламентке өткізді.

 

 

Ақпарат көзі: sputniknews.kz

Толығырақ:Ежелгі

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Сізге ұнауы мүмкін