Отандастар

Арыс қаласында 50-ге жуық жарылыс болды

Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дандыбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Арыс қаласында 50-ге жуық жарылыс орын алды деп хабарлады

Қоймадағы оқ-дәрілер жарылысы 24 маусымда басталып, бір тәуліктен көп уақытқа созылды.

“Біз қанша жарылыс болғанын санаған жоқпыз. Бірақ сақталып жатқан оқ – дәрілердің саны бойынша біз шамамен 40-50 болды деп болжаймыз”, – деді Қорғаныс министрлігінің өкілі.

Қоймаларда ракета-артиллериялық қару-жарақтың оқ-дәрілері, инженерлік оқ-дәрілер, атыс қаруының патрондары, қол гранаттары, танкіге қарсы басқарылатын зымырандар, зениттік басқарылатын зымырандар, түрлі калибрлі стратегиялық жүйелерге арналған снарядтар және стратегиялық жинақтаушы элементтер сақталған. Қоймада радиоактивті элементтер сақталмады.

2005 жылы әскери бөлімде оқ-дәрілердің бір бөлігін басқа қоймаларға ауыстыра бастаған. Барлығы 184 тонна тасымалдап үлгердік, 90 тонна оқ-дәрі қалды.

24 маусым күні таңертең Түркістан облысы Арыс қаласының №44856 әскери бөлімінің қоймасында жарылыс болды. Қала тұрғындарын эвакуациялады. Оқиға орнына Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев пен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев келді.

Үш адам қаза тапты,оның екеуі-келісімшарт қызметінің әскери қызметшілері.

Сотқа дейінгі тергеу басталды.

 

Ақпарат көзі: Alemtime

Толығырақ:Отандастар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Сізге ұнауы мүмкін