Әлем

Айя Софья қайтып мешіт болды

Айя Софья 86 жылдан кейін қайта мешіт болды

Мұсылман әлемі үшін сүйінші хабар болған шешім Түркия мемлекет кеңесінің жиынында мақұлданған.

Константин императордың бұйрығымен 532 жылы іргетасы қалаған шіркеудің құрылысы 537 жылы аяқталған-ды. Ал 1453 жылы Мехмет Сұлтан Константинопольді жаулап алған кезде Айя Софияны мешітке айналдырады. Сол уақыттан бастап ерекше сәулет нысаны 1934 жылға дейін мешіт болып тұрған. Ал 1934 жылдың 24 қарашасынан бері музей қызметінде Айя София бүгіннен, яғни, 2020 жылдың 10 шілдесінен бастап қайтадан мұсылмандардың ғибадат үйіне айналып отыр.

Түркия президенті Ердоған, христиан елдерінің қоқан-лоқысына қарамастан сондай жарлыққа қол қойды.
Айта кетерлігі, Айя Софья кешені Византия заманында христиан-православ дінінің басты шіркеулерінің бірі болған.

 

 

 

Ақпарат көзі: Әлемтайм

Толығырақ:Әлем

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Сізге ұнауы мүмкін