Әлем

Абайдың қара сөздері украин тіліне аударылды

Қазақтың Ұлы ақыны – Абайдың қара сөздері украин тіліне аударылып, арнайы жинақ болып жарияланды. Іс шараны – осы елдегі Қазақстан елшілігі ұйымдастырған

Кітап тұсаукесері – Украинаның Черкасс өңіріндегі, Канев қаласында өтті. Абайдың қара сөздерін украина тіліне –  филология ғылымдарының докторы – Николай Васькив аударған.

Ақын өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт бітімі, тұрмысы, дүниетанымы мен мінезі тамаша көрініс тапқан, – деп таңқалады аудармашы. Ең бастысы, қазақ ойшылынының терең пайымы Украина халқына да қаратып айтылғандай, – дейді автор. Әзірше 500 данамен жарық көрген жинақ  Ұлттық кітапхана мен мұражайларға жеткізілмек.

 

Ақпарат көзі: egemen.kz

Толығырақ:Әлем

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Сізге ұнауы мүмкін