Тарих

Абай атамыздан пайдалы кеңес

Есте сақтау қабілетін жақсарту туралы көптеген кеңестер бар. Дәл осы жайында Абай атамыз жастарға 4 кеңес беріп кеткен. Отыз бірінші қара сөзінде Абай атамыз былай дейді

Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі – көкірегі байлаулы берік болмақ керек;

Екінші – сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек;

Үшінші – сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек;

Төртінші – ой кеселі нәрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса, салынбау керек.

Ой кеселдері: уайымсыз салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе – күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер.

1895 жыл

 

Ақпарат көзі: әлемтайм

Толығырақ:Тарих

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Сізге ұнауы мүмкін