Тарих

Ақмола облысында мамонттың сүйегі табылды

Ақмола облысында мамонттың сүйегі табылды

 

Ақмола облысының Бұланды ауданында мамонттың сүйегі табылды, деп хабарлады облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы.

Орталық мамандарының мәліметінше, мамонттың сүйегі Новобратск ауылдық округіне қарасты Буденновка ауылының маңынан ағып өтетін Аршалы өзенінің жағасынан табылған. Оны осы ауылдың жергілікті тұрғыны Валерий Дубовик кездейсоқ тауып алып, кейін тиісті органдарға хабарлаған. Мамонттың сүйегі табылған жерге облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының директоры Серік Ысқақов пен мамандары барды.

Облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталық мамандары атап өткендей, кездейсоқ олжа ғалымдар мен зерттеушілерге, ғылыми-зерттеу процесінде қызықты болып, жануарлардың тіршілік ету ортасын кешенді зерттеуге мүмкіндік береді деп отыр.

Айта кетсек, осыған дейін алып жануарлар сүйектері Зеренді, Шортанды, Жақсы, Целиноград аудандарында табылған болатын. Бұл жолы табылған сүйек осыдан 10 мың жыл бұрын өмір сүрген мамонттың сүйегі болуы мүмкін. Оның ұзындығы 1,5 метрді құрайды. Қалыңдығы 30 см жақсы сақталған.

Қазір мамонттың сүйегі дәйекті әрі егжей-тегжейлі зерттеу үшін Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейіне тапсырылды.

Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

Толығырақ:Тарих

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Сізге ұнауы мүмкін