Бурабай ауданы – Ақмола облысының солтүстігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлік. 1928 жылы құрылған. Жер аумағы 5,9 мың км². Тұрғыны 75,3 мың адам (2019). Аудандағы 51 елді мекен 1 қалалық, 1 кенттік әкімдігіне және 9 ауылдық округке біріктірілген. Орталығы – Щучинск қаласы.